Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында заңсыз айналымнан 310 келіден астам есірткі алынды

Рavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2018 16:00 Рavlodarnews.kz
Есірткімен күресу бөлінісінің қызметкерлері тұрақты халықаралық наркотрафик каналдарының жолын кесу бойынша сәтті операциялар жүргізді.

2018 жылы полиция департаменті өңірде «Көкнәр» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында 310 келіден астам әртүрлі есірткі алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның ішінде шамамен 290 келі «марихуана» және 680 грамм «героин» анықталған.

Сондай-ақ 24 есірткі сату фактісі мен аса ірі мөлшерде сақтау бойынша 6 факті ашылған. Жергілікті және республикалық маңызы бар автожолдарда операция өткізу барысында мобильді топтар патрульге шыққан.

Есірткімен күресу бөлінісінің қызметкерлері тұрақты халықаралық наркотрафик каналдарының жолын кесу бойынша сәтті операциялар жүргізді.

- Қыркүйек айында аса ірі мөлшерде «марихуана» есірткі заттарын сату жолы кесілді. Екібастұз қаласына марихуана тасымалдайтын екі ұйымдастырушыны ұстады. Гаражда арнайы жабдықталған құпия жерде жасырын орналасқан салмағы 277 келі төрт қорап марихуана алынды. Қара нарықтағы құны 33 млн 200 мың теңгеден астам тұрады. Алынған есірткі кейін Ресейге жіберу мақсатында Алматыдан жеткізілген, - дейді департаментте.

Есірткі сатудан пайда табу мақсатында қылмыскерлер түрлі айлакерлікке барған.

Байланыссыз сату жолымен синтетикалық есірткілерді және «героинді» сатуды жүзеге асырған. Бірқатар жедел іс-шаралар өткізу барысында бұрын сотты болған Павлодар қаласының тұрғындары ұсталған.

Олардан 680 граммнан астам «героин» алынған. Оның қара нарықтағы құны 2 млн 650 мың теңгеден астам тұрады.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: