Жаңалықтар тізбегі
0

Келер жылға Қызылорда облысында инвестициялық жобалардың 52-сі қолдау тапқан

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2018 00:22 Сурет: zakon.kz
Қалған 90 жаңа жобалардың әзірге 52-сі қолдау тапқан. Бұл инвестициялық жобалар қатарында Қызылорда қаласының Жаппасбай батыр көшесіндегі мектеп құрылысын аяқтау, Шиели, Жалағаш аудандарында орталық ауруханаларды салу және т.б жобалар бар.

Облысы бойынша 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басымды инвестициялық жобалардың көлемін белгілеу мақсатында 2019 жылға 54,6 млрд теңгені құрайтын 122 жоба ұсынылған, Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі хабарлайды.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрғали Қордабайдың айтуы бойынша, бұл жобалардың 32-сі өтпелі, олар 17,7 млрд теңгені құрайды.

Қалған 90 жаңа жобалардың әзірге 52-сі қолдау тапқан. Бұл инвестициялық жобалар қатарында Қызылорда қаласының Жаппасбай батыр көшесіндегі мектеп құрылысын аяқтау, Шиели, Жалағаш аудандарында орталық ауруханаларды салу және т.б жобалар бар.

Аппараттық мәжілісте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне алдағы 2019 жылы өтпелі жобалардың ішінен жалпы құны 1,9 млрд. теңге құрайтын 5 жобаның іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, 2019-2021 жылдарға арналған облыс бюджетінің жобасын қалыптастыру кезінде қолдау таппаған жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру керектігі айтылды. Бұл тұрғыдағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат және Мәжіліс депутаттарымен бірлесе атқарылуы қажет.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың қазан айында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Астанада салалық департаменттер мен ҚР қаржы министрлігінде 2019 жылға арналған өңірді дамыту жобалары бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: