Жаңалықтар тізбегі
0

Тойда билеп жүрген келіншекті бір тепкен жігіт жұрттың ашуына тиді

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2018 20:53 sputniknews.kz
Әлеуметтік желі қолданушылары ер адамды бұл ерсі қылығы үшін сөгіп жатыр.

Әлеуметтік желіде тойда билеп жүрген келіншекті арт жағынан келіп бір тепкен ер адамның видеосы тарап жатыр деп жазады sputniknews.kz.

Оқиғаның қайда болғаны және оның мән-жайы белгісіз. Бірақ желі қолданушыларының болжамынша, оқиға Қырғызстанда болған, ал видеодағы ер адам өзінің әйелін бір тепкен. Тойда қырғыз әні жүріп тұр және қонақтар қалпақ киіп алған.

Әлеуметтік желіде бұл видео қызу талқылануда. Жұрт жүздеген пікір жазып, ер адамды ерсі қылығы үшін сөгіп жатыр.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі әйелден шағым түскен жағдайда ғана тексеріс басталатынын айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: