Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мектеп асханасының мәзіріне құрт пен ірімшікті қосу ұсынылды

«Мектеп асханалары» жобасының аясында ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін партиялықтар мыңға жуық мектеп асханаларына мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.

Сурет : www.inform.kz11 Қаңтар 2019, 15:04

Астана оқушылары ата-аналарының комитеті мектеп асханасының ас мәзіріне құрт пен ірімшікті қосуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Белсенділер партиялықтарға мектептердің ас мәзіріне құрт пен ірімшік сияқты қазақтың ұлттық тағамдарын енгізуді ұсынды. Ынталы топтың мүшесі Гүлнәр Омарованың айтуынша, егер оны әдемілеп орап берсе, балалар сүйсініп жейтін тағамдардың бірі болады. Кездесудің қорытындысы бойынша партия хатшысы Илья Теренченко белсенділердің көтерген мәселелерінің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, бастамашы топ мүшелерінің 14 қаңтардан өз жұмысын бастайтын республикалық мониторинг тобының құрамына енетінін хабарлады.

Оның айтуынша, «Мектеп асханалары» жобасының аясында ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін партиялықтар мыңға жуық мектеп асханаларына мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр. «Біздің мақсатымыз - барлық тараптарды қанағанттандыратын ас мәзірін қалыптастыру, сондай-ақ, мектептердегі тамақтандыратын жерлерде өткізуге болмайтын азық-түліктің сатылуына жол бермеу. Келешекте партиялықтар елордада жинақтаған тәжірибелерін өңірлік филиалдармен бөлісетін болады», - деді И.Теренченко.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер