Жаңалықтар тізбегі
0

Орта Азия көшпенділері сүйіп ойнаған Шөген – бүгінде Аргентинаның ұлттық ойыны

massaget.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:56 massaget.kz
Бабыр сұлтанның заманында жетісулық моғолдар Үндістанның бір бөлігін жаулап алды. Осылайша, Үнді жерінде ойнала басталған шөген ойыны Үндістанды бодан қылған ағылшындардың назарына ілікті.

Байыбына барып, көзі жеткендер санаулы шығар. Бүкіл әлем "Шөгенді аргентиналықтар ойлап тапты, солардың төл спорты" деп таниды. Олардың кәсібилігіне қайран қалып, мойындайды. Бірақ, бұл пікірдің ақиқаты басқа. Шөген – көшпенді бабамыздың сүйіп ойнаған ойыны. Солай болса, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мұхиттың арғы жағындағы елге шөген қалай жетті?

Бабыр сұлтанның заманында жетісулық моғолдар Үндістанның бір бөлігін жаулап алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:56

Осылайша, Үнді жерінде ойнала басталған шөген ойыны Үндістанды бодан қылған ағылшындардың назарына ілікті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:56

Англия бұл спортты көп дәріптеді. Ең алғаш елде осы спорт түрінен клуб ашылып, өзара турнирлер ұйымдастырыла бастады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:56

Уақыт өте қатарға көршілес Ирландия шөгеншілері қосылды. Екі елдің атсалысуымен Аргентинада 1875 жылы бұл спорт түрінен чемпионат өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:56

Осы кезеңде шөгенді ойнауға құмартқан аргентиналықтар бірден осы ойынды ойнауға қызығушылық танытып, ойынның қыр-сырын бірден меңгеріп кетті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:56

Уақыт өте шөген шеберлеріне айналған олар ат спортының жаңа түрі ретінде шөгенді "Поло" деп өзгертіп өздеріне патенттеп алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:56

Міне, Орталық Азиядан бастауын алған спорт түрінің Аргентинаның ұлттық ойыны болу тізбегі осындай. Назарларыңызға кезекті шөген турниріндегі жарқын сәттерді ұсына отыра, осы спорт түрінің ережелері мен ерекшеліктерін көрсетпекпіз.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:56

Бүгінде Шөген ойынын дамытуға мемлекет көңіл бөліп, төл спортты жаңғыртуға күш салып жатыр. Елімізде 2012 жылы құрылған Поло федерациясы бүгінгі күнге дейін бірнеше турнир ұйымдастырып та үлгерді. Федерация ұйымдастыратын турнирлердің көбісі Алматы облысы, Талғар ауданы, "Ақ бұлақ" ат спорты кешенінде өтеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:56

Төрт-төрт адамнан құралған екі команда ойыншыларының негізгі мақсаты - осы бір допты қақпаға кіргізу. Ұлы миссия жолында алаңға шыққан спортшылардың ойынымен жақынырақ танысайық.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 18:56

Дереккөзі: massaget.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: