Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл 13 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2019 18:54 www.24.kz
2017 жылға қарағанда Маңғыстау, Атырау, Жамбыл және Түркістан облыстарында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілді.

Биыл 13 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 113 740 тұрғын үй іске қосылды. Үй құрылысына 1 трлн 182 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық. Пайдалануға берілген үйлердің саны 2017 жылмен салыстырғанда 12,1 пайызға көбейіп отыр», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, өткен жылы жеке тұрғын үйге салынған инвестиция 459 млрд теңгені құрады. Жеке тұлғалар салған үйлердің аумағы 5,7 млн шаршы метр болды. 39 157 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Ал көппәтерлі үйлерді айтар болсақ, 702 млрд теңге инвестиция салынып, 6,8 млн шаршы метрді құрайтын 74 583 пәтер пайдалануға берілді. Мемлекет тарапының 1 теңгесіне 6 теңге жеке инвестиция тартылды», - деді ол Вице-министрдің айтуынша, өңірлерде үй құрылысы өте жақсы қарқынмен жүріп жатыр.

Мәселен, 2017 жылға қарағанда Маңғыстау, Атырау, Жамбыл және Түркістан облыстарында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілді.

«Ең көп салынған пәтерлер Астана қаласында 2,4 млн, Алматы қаласында 2 млн, Маңғыстауда 1,2 млн, Ақтөбеде 980 мың, Атырауда 793 мың және Алматы облысында 713 мың шаршы метрді құрйды. Жалпы, бүкіл облыс алға қойған жоспарларын толық орындады. 2019 жылы бұл көрсеткіштен кем болмайды деп есептейміз. Яғни, 13 млн шаршы тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған», - деді Қайырбек Өскенбаев.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: