Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда екі әйел ер адамды өрттен құтқарды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2019 22:23 www.inform.kz
Өртті көрген бір қабат жоғары тұратын пәтер иесі Андрей Моисеев бірден 101 қызметін шақырған.

Алматыда екі әйел өртенген пәтерден ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Жароков пен Қабанбай көшелерінің қиылысында болған. Көп қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан 1 бөлмелі пәтерде заттар өртене бастаған.

Сол сәтте пәтерде тек Еркін Төрегелдин есімді ер адам ұйықтап жатқан. Бөлмені жайлаған қою түтіннен оянған ер адам есік жаққа бара алмаған. Сондықтан, балконға келіп, көмек сұрай бастаған.

Өртті көрген бір қабат жоғары тұратын пәтер иесі Андрей Моисеев бірден 101 қызметін шақырған. Андрей Моисеев пен анасы Анна Моисеева және тағы бір көршісі Наталья Кисарь өрт сөндірушілер келгенше Еркінге балконның жақтауына шығуға көмектеседі.

Осылайша үшеуі астыңғы балконнан өрттен қашқан адамды қолынан тартып алып шыққан. 8 минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтаған.

«Біз ер адамды екі әйел жоғарғы қабатқа көтеріп алды дегенге сене алмай тұрмыз. Көршілерін көтеріп ала алмаған жағдайда, өздері құлап түсуі ықтимал еді. Андрей Моисеев жарылыстың алдын алу үшін подьездегі газ колоннасын бұрап жапқан»,- деді ТЖД қызметкерлері.

Ал Еркін Төрегелдиннің қол-аяғын жеңіл күйік шалған. Сонымен қатар, түтіннен уланған. Алайда ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: