Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау министрлігі: шалғайдағы елді мекендерді медициналық қызметтермен қамту ұлғайтылмақ

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2019 17:20 primeminister.kz
2019 жылы 200-ге жуық жаңа нысан пайдалануға берілмек.

2019 жылы шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын медициналық қызметтермен қамту екі есе ұлғайтылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында емханаларды ірілендіру жұмыстары медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына қалай әсер ететіні, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға бағытталған шаралар туралы айтып берді.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде көп бейінді кластерлерді құру арқылы денсаулық сақтау нысандарын 640-тан 347-ге дейін оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

"Біз талдау жүргіздік, онда 4,6 мыңға жуық төсек орны бос тұрғаны және күту режимінде екені анықталды. Осы төсек орындарын қажетті бағыттарға бағыттай аламыз", — деді А. Цой.

Вице-министр атап өткендей, емханаларды кеңейту кезінде олар аумақтық жағынан өз орындарында қалады, медицина қызметкерлері бұрынғы құраммен жұмысын жалғастырады. Оңтайландыру тек әкімшілік қызметкерлерге байланысты болады. Елімізде көптеген мәселелерді қашықтан шешуге мүмкіндік беретін ауқымды цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық жерлерде медициналық көмек көрсету қолжетімділігін арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.

"Біз азаматтар аудан орталықтарына шықпай-ақ өз ісінің мамандарынан скринигтік зерттеулерден, профилактикалық тексерістерден өтуі үшін білікті мамандарды, медициналық көмекті ауылға жеткізуге жұмыс жасаймыз", — деді вице-министр.

Осы орайда қолданыстағы 122 медициналық кешенге қажеттілікке сәйкес осындай қосымша 18 пункт сатып алынуда.

Бұдан өзге, барлық қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған денсаулық пойыздары іске қосылуда. Биыл шалғай елді мекендердегі халықты қамтуды екі есеге ұлғайту көзделген. Бұдан өзге, медициналық көмекті ауыл тұрғындарына жеткізу мақсатында штаттық режимде санитарлық авиация жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Біз мұнда Төтенше жағдайлар комитетінің тікұшақтарын пайдаланамыз. Ұшақтар нарықта бар. Бізде тікұшақ қызметтерінің бірыңғай операторы қызмет көрсетеді", — деді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, вице-министр денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуын жаңғырту аясында қосымша 1,3 трлн теңге тарту қажет екенін айтты. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жеке инвестициялардың үлесін 40-тан 60%-ға дейін жеткізу көзделген.

"Біз 17 өңірлік перспективалық жоспарды іске асырып жатырмыз, яғни өңірлердегі медициналық ұйымдар қажеттіліктерін анықтадық және әрбір өңір өздерінің 2025 жылға дейінгі жоспарларын белгілейді", — деді А. Цой.

Өз кезегінде ҚР ДСМ инвестициялық саясат департаментінің директоры А. Қинаятов 2025 жылға дейін жергілікті бюджет, республикалық бюджет қаражаттарын, сондай-ақ МЖӘ тетіктерін тарту арқылы 1,3 мыңнан астам денсаулық сақтау нысаны салынуы қажет екенін мәлімдеді.

"Бұған қоса, 2025 жылға дейін 941 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жалпы, 2019 жылы 200-ге жуық жаңа нысанды пайдалануға беріп, 113 нысанда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген", — деді А. Қинаятов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: