Жаңалықтар тізбегі
0

Астанадағы аязды күндер

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2019 19:28 Pixabay
7-ақпан күнгі қаладағы жағдайды елордалық ТЖД жариялады.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына (-37-39 С қатты аяз, боран, бұрқасын) байланысты 5-7 ақпан аралығында жедел штаб ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Құтқарушылардың мәліметінше, 5 және 6 ақпанда "112" қызметіне әртүрлі сипаттағы 13 000 қоңырау жолдардың жабылуы және сабақтың болмайтыны туралы 8000 ақпарат келіп түскен.

"5 ақпанда сағат 20.00-ден бастап Департамент бөлімшелері Астана-Қорғалжын, Астана-Қосшы, Астана-Көкшетау, Астана-Атбасар, Астана-Павлодар және Астана-Қарағанды бағыттары бойынша жоғары өтімді автомобильдермен (КУНГ) патрульдеу жұмыстарын жүргізді, 62 адам (оның ішінде 9 бала) қар құрсауынан шығарылды және 19 бірлік техника сүйреп шығарылды. Астана қ. Білім басқармасының шешімімен 1 және 2 ауысымдағы 0-11 сынып оқушыларына және 1-2 колледждердін 1-2 курс студентері үшін сабақ болмайды. Барлық трасса бойынша жолдар ашық",- деп хабарлап отыр ТЖД баспасөз қызметі.

Департаментпен 8 жылыту пукнтері дайындалған, онын ішінде 2-уі - Теміржол және сапаржайларда.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына жол жүрмеуге және ауа райы күрт нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. Қаладағы жағдай тұрақты және бақылауда.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалау, көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалық тақталардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруді, жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қоюды ұсынады.

Ал құрылыс нысандары халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын; мүмкіндігінше құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектесін.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалу қажет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: