Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Банктерге қандай комиссия түрлерін алуға тыйым салынды

Тыйым 2019 жылғы наурыздан бастап жасалатын банктік қарыз шарттарына қолданылатын болады.

Сурет : pxhere.com14 Ақпан 2019, 16:38

Ұлттық Банктің бастамасымен 2019 жылы Заңдардың шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларды кредиттеу кезінде комиссиялардың жекелеген түрлерін алуына тыйым салатын өзгерістер енгізілген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші деңгейдегі банктердің ай сайынғы негізде комиссияларды алуын қысқарту мақсатында Ұлттық Банк қарызды берумен және қызмет көрсетумен байланысты банктік шотты жүргізгені үшін, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттары бойынша қарызды банктік шотқа аударғаны (бергені) үшін комиссиялар белгілеуге және алуға тыйым салды.

Тыйым 2019 жылғы наурыздан бастап жасалатын банктік қарыз шарттарына қолданылатын болады.

2019 жылдан бастап сыйақымен және тұрақсыздық айыбымен қатар, банктер жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша мерзімі қатарынан күнтізбелік 180 күн өткеннен кейін есептелген қарызды берумен және қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар мен өзге төлемдерді талап етуге құқылы емес.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Ұлттық Банк жылжымайтын мүлік кепілімен ипотекалық қарыз алған жеке тұлға-қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында банктерге мерзімі күнтізбелік 180 күн өткен соң есептелген сыйақыны төлеуді талап етуіне тыйым салды.

2019 жылғы 21 қаңтардағы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін (яғни 03.02.2019 дейін) есептелген және төленген сыйақының қайта есептелмейтінін білген дұрыс.

2018 жылғы 2 шілдедегі заңмен қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге төлемдер қарыз бойынша берешекті өтеу кезектілігіне енгізілді.

2019 жылғы 1 ақпаннан бастап өзгерістер күшіне енді, оған сәйкес банктерге қарыз алушыларды төленетін сыйақының мөлшері туралы хабардар ету мақсатында сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін жылдық пайызбен ғана емес, сол сияқты белгілеген сомада, яғни нақты сома мөлшерінде көрсету мүмкіндігі беріледі.

Сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін белгіленген сомада бір айдан аспайтын мерзімге берілген қарыз, төлем карточкасы бойынша кредиттік желі шеңберінде берілген қарыз, овердрафт кредиті, сондай-ақ кредиттік желі беру (ашу) туралы келісім бойынша ғана белгілеуге болады.

Бұл ретте белгіленген сомадағы сыйақы мөлшерлемесімен қарыздар бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшері заңнамада белгіленген шектеуден аспауға тиіс.





Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер