Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Асқар Мамин Түркістанда салынып жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты

Асқар Мамин бастаған жұмысшы топты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев нысан басына өзі алып барып, Түркістанда бой көтеретін Қожа Ахмет Ясауи музейінің құрылысымен таныстырды.

Сурет : Самат Мырзалиев14 Ақпан 2019, 17:43

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин кезекті ресми іссапарымен Түркістан облысына келді. Сапар барысында өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласындағы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарымен таныстырды.

Қонақтар алдымен салынып жатқан Әкімшілік-іскерлік орталығында болды. Бүгінде ондағы 48,4 гектар аумаққа бірінші кезекте салуынуы тиіс 13 нысанды іске асыру үшін жер телімдері толығымен босатылған. Қазіргі таңда онда облыстық әкімдік пен басқармалардың және департаменттердің ғимараттарының құрылысы жүруде.

Бұдан соң, Асқар Маминге құрылыс материалдарының көрмесі, 26 көпқабатты тұрғын үй мен 88 көпқабатты тұрғын үйдің және сауда орталықтардың құрылыс жұмыстары таныстырылды. Айта кетерлігі, 1536 пәтерден тұратын баспаналардың 1200 пәтері (20 тұрғын үй) арендалық үйлер болып табылса, қалған 6 тұрғын үй, яғни 336 пәтер кредиттік баспаналарға жатады. Іргетасы осы жылдың қыркүйек айында қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан 60 пәтерлі 20 тұрғын үйдің 11-і (660 пәтер) 2019 жылдың сәуір айында тапсырылады. Қалған 6 тұрғын үй (540 пәтер) құрылысы қараша айында басталған-ды. Тапсырылу мерзімі келер жылдың қараша айына жоспарланған. Жаңадан бой көтеретін 88 тұрғын үйдің 44-і 2019 жылы пайдалануға берілсе, қалған 44 үй 2020 жылы ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде.

Асқар Мамин бастаған жұмысшы топты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев нысан басына өзі алып барып, Түркістанда бой көтеретін Қожа Ахмет Ясауи музейінің құрылысымен таныстырды. Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында "ҰӘҚ Самұрық қазына" АҚ тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи мұражай нысаны бой көтеруде. Аумағы 3200 шаршы метрді құрайды. "Самұрық-Қазына" компаниясының тапсырысымен салынуды. Ұлы тұлғаға арналған музейдің де құрылыс жұмыстарын аяқтау 2020 жылдың соңына қарай жоспарланып отыр.

Бірінші Вице-премьер құрылыс жұмыстарымен танысып, жұмысты қарқындатуды тапсырды. Астаналық жұмысшы топ аялдаған келесі нысан Әзірет Сұлтан қорық музейі болды. "Әзірет Сұлтан" қорығына мәдени-тарихи Визит орталығын тұрғызбақ.

Сапар соңында Түркістан мен Қызылорда облысының өндіріс орындары өндіретін құрылыс материалдары көрмесі өтті. Онда қыш, плита жабынды сынды құрылысқа қажетті жабдықтар қойылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер