Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе темір жол бекетінде бойжеткен көпірден секіріп кете жаздады

/ptproc.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2019 21:54 /ptproc.ru
Тәртіп сақшыларының айтуынша, бойжеткеннің психологиялық жағдайы өте төмен болған.

Көліктегі полиция қызметкерлері Ақтөбе бекетінің темір жол вокзалындағы өтпелі көпірден секіріп суицид жасамақ болған 22 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20-ақпан күні Ақтөбе бекетінде Желілік полиця бөлімінің қызметкерлері Шыңғыс Камбарбеков пен Жансерік Шәутенов жұмыс барысында темір жол көпірінен секріп, өмірімен қош айтыспақ болған бойжеткенді байқап қалады.

Санаулы минуттардың ішінде жетіп келген полиция қызметкерлері қыздың қауіпті әрекетіне жол берген жоқ. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бойжеткеннің психологиялық жағдайы өте төмен болған.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерінің арқасында 1997 жылғы қыз аман қалды. Содан соң оған уақытылы морльді-психологиялық көмек көрсетілді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жас қыз Ақтөбе темір жол бекетінде орналасқан полиция бөлмесіне жеткізіліп, оған алғашқы медициналық көмек жасалған.

Бойжеткеннің өмірін аман алып қалған тәртіп сақшылары наградаға ұсынылатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: