Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында сексеуіл ағаштарын заңсыз кескен браконьер ұсталды

Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2019 18:41 Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі
Елімізде сексеуілді шабуға 2023 жылға дейін тыйым салынған.

Алматы облысының тәртіп сақшылары Балқаш ауданының аумағында сексеуілді заңсыз отады деген күдікпен 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс аумағында "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында табиғат қорғау полициясы арнайы рейд ұйымдастырып, Балқаш ауданындағы Береке ауылына таяу маңда шанағы сексеуілге лық толы ГАЗ-53 жүк көлігін ұстады. Заңсыз жүктің иесі ешқандай рұқсат құжатын көрсете алмағандықтан, көлік жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2019 18:41

"Жүк көлігінде 3 текше метрден астам жас сексеуіл ағаштарының бары анықталды. Елімізде сексеуілді шабуға 2023 жылға дейін тыйым салынған. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша мемлекетке келтірілген шығын есептелуде. Аталған фактіге сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Тергеу барысында тұрғынның кесуге тыйым салынған ағашты ірі көлемде қандай мақсатта әзірлегені анықталатын болады. Тәркіленген сексеуіл арнайы қабылдау орнына өткізілді",- деп атап өтті облыстық Табиғат қорғау полициясының инспекторы Бағлан Рымжанов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2019 18:41

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, 14-ақпан күні басталған "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер заңсыз ағаш кесу дерегі бойынша 8 қылмыстық іс қозғады және 10 текше метрден астам ағаш тәркілеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: