Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Германияға көшкен азаматтар қазақ халқына алғыс айтып жатыр

Қазақстанға кезінде мыңдаған неміс азаматтары депортацияланған болатын.

Сурет : seykhuninfo.kz1 Наурыз 2019, 14:23

Қазақстаннан Германияға қоныс аударған азаматтар қазақ халқына алғыс айтып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанға кезінде мыңдаған неміс азаматтары депортацияланған болатын.

Алайда Отанына оралған олар қазақ халқының жасаған жақсылығын ұмытқан емес. Қазақстанды екінші Отаны деп санайтын неміс халқы да мерекемен құттықтап жатыр.

Яков Яковлевичтың отбасын Қазақстанға департациялағанда ол бар жоғы 13 жаста еді. Анасы мен қоса 5 бала, одан бөлек өзге де қариялар мен әйелдер отырған пойызбен Жамбыл қаласына келгенде ас-сулары әбден таусылған еді. Яков Яковлевич тек қазақ халқының кең пейілділігінің арқасында ғана аман қалғандарын айтады.

Яков Яковлевич:

- Үйлеріндегі барымен бөлісті. Барынша қолдау көрсетті. Қайда жүрсек те бірталай ұлт пен ұлыстың "қазақ халқы бауырына баспаса, тіпті тірі қалмас па едік" деген ақ жарма сөзін естисің. Қазақстанға алты-жеті рет бардым. Ыстық тартады. Өз үйіме оралғандай боламын, бойымды бір жылы сезімі кернейді. Түркия мен Италияға барғандай емес, Отаныма оралғандай, жаным қалап тұрады. Көзкөргендердің әңгімесіне қанып, бір жасап қаламын.

Қария 25 жыл бойы Германияда тұрғанмен, қазақ тілінде судай сөйлейді. Ақсақал мерекелік шараларға барғанда сүйікті шапанын тастамайды. Өзінің 90 жасын да дәл осы шапанмен қарсы алды.

Яков Нусс:

- Қазақ тілі маған қайнап қалған нәрсе. Мен өмірде қазақша бір кітап оқыған жоқпын, оқуға да барған жоқпын елдің арасында жүріп, жақсы көргеннен сөйлеп кеттім. Ұмытылмайтынын мен өзім де білмеймін, ол тұрып қалған тіл.

Неміс саясаткер Генрих Цертик де Қазақстанға деген ризашылығын білдіреді. Алматы облысының тумасы еңбек жолын мектеп мұғалімі ретінде бастап, неміс парламентінің депутатына дейін өскен. Сол кезде Қазақстан-Германия қатынасына қосқан үлесі зор. Экс-депутат бұл миссиясын әлі күнге дейін жалғастырып келеді. Өткен жылы Генрих Цертик Германиядағы Қазақстан халқы Ассамблеясының елшісі ретінде тағайындалды.

Генрих Цертик, Бундестаг депутаты, германиядағы қазақстан халқы ассамблеясының елшісі:

- 1941 жылы Қазақстанға қоныс аударған ата-бабаларымызға қол ұшын созғандары үшін ризашылығымды білдіремін. Бір нанды бөліп жеп, үйіне паналатқан дархан көңіл қазақ еліне мың алғыс!

1940 жылдары Қазақстанға департацияланған неміс, поляк, шешен, корей халықтары қиын қыстау кезінде далада қалдырмай, барымен бөліскен қазақ халқына деген шексіз алғысын білдіреді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер