Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР СІМ: Алексей Полторанин байланысқа шықпай отыр

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2019 21:59 inform.kz
Ол консулмен кездеспеген.

ҚР Сыртқы істер министрлігі допинг пайдаланды деп айыпталған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанинге қатысты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Әзірге, Полторанин байланысқа шығудан бас тартуда. Біздегі ақпаратқа сүйенсек, ол консулмен кездеспеген", - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, Қазақстан тарапы әділ спорт ұстанымын негізге алатынын атап өтті.

"Допингпен күрес, спортшылармен ашық диалог секілді ұстанымға әрқашан да мән беріп келеміз. Біз таза спортқа, сондай-ақ біздің барлық спортшылар үшін бірдей жағдай жасауға екпін қоюдамыз. Қазақстан ЮНЕСКО-ның тиісті конвенциясына қосылды және барлық осы стандарттар пысықталуда", - деді Е.Ашықбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Австрияның Зеефельд қаласында шаңғы жарысынан ұйымдастырылған әлем чемпионатында Қазақстан, Австрия мен Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінгені хабарланған еді.

Бұдан кейін шаңғы федерациясы басы дауға қалған Полторанинге байланысты түсініктеме берді.

Эстониялық спортшылар Карел Таммъярв мен Андреас Веерпалу, сондай-ақ Қазақстан өкілі Алексей Полторанин Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясынан шеттетілді. Ал Австрияның Ұлттық допингке қарсы агенттігі Доминик Балдауф пен Макс Хаукені спорттан шеттетті.

Жақында ҚР Шаңғы федерациясы А. Полторанин байланысқа шықпай отырғанын мәлімдеген болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: