Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ер адам "Тойота Камри-55" көлігін өтірік ұрлатып, өтемақы алмақ болған

vse.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2019 15:58 vse.kz
Көлікті ұрлауға қожайынының өзі "тапсырыс" берген екен.

1985-ші жылғы азамат Алматының "Достық" ықшамауданында көлігімді ұрлап кетті, деген арыз тастап, материалдық шығынын 8 миллион теңгеге бағалаған, деп хабарлайды Zakon.kz Алматының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнебақылау камераларын тексерген полицейлер кафенің алдына келіп тоқтаған көліктің есігін 2 минуттан кейін келген екі адам еркін ашып, көлікпен бірге кетіп қалғанын анықтады.

Тергеу барысында бәрі анықталды. Көлікті айдап әкеткен әлгі екі кісі жәбірленушінің сыныптас достары болып шыққан. Көлікті ұрлауға қожайынының өзі "тапсырыс" берген екен.

Анықталғандай, Ю. есімді азамат автокөлікті өткен айдың соңында несиеге алған.

"Қолында көлік ұрланған жағдайда өтемақы төлейтін сақтандыру полисі болғанын пайдаланып, көліктен құтылып, орнына ақшалай өтемақы алмақ болған", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті криминалды полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Ұрланған көлік өз иесінің Алматы облысындағы туған ауылынан табылды.

"Тергеу барысында азамат Ю. көлікті жасырған жерді көрсетті. Әке-шешесінің үйіне әкелген екен. Сол жерде ол тергеушілерден қашпақ болды. Аулада жүргенде қолына отвертка алып, полиция қызметкерін жаралады. Бірақ қаша алмады. Енді ол жалған мәлімет жеткізгені үшін Қылмыстық кодекстің 419 бабы, 3 бөлігі бойынша, сондай-ақ билік өкіліне қол жұмсағаны үшін де жауапкершілікке тартылады. Күдікті қамауда, ал біздің қызметкеріміздің жарақаты жеңіл, өміріне қауіп жоқ", - деді Ысқақов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: