Жаңалықтар тізбегі
0

Астанадағы хоккейден әлем чемпионатына билеттер сатыла бастады

Барыс ХК, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2019 23:54 Барыс ХК
Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін матчтардың билеті 700 теңгеден басталады.

Шайбалы хоккейден Қазақстанда тұңғыш рет өтетін әлем чемпионатының билеттерін онлайн-сату басталды, деп хабарлайды Zakon.kz "SPORTINFORM"-ға сілтеме жасап.

Билет алу үшін жанкүйерлер барғысы келетін матчты таңдап, сектор, қатар және орынды таңдайды. Билеттер құны "Барыстың" ҚХЛ-дағы ойындарына сатылатын билет құнынан аспайды .

"Сәуірден бастап билеттер билет сату орындарында да сатыла бастайды, оның ішінде "Барыс Аренаның" кассасына да түседі. Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін матчтардың ең арзан билеті 700 теңгеден басталады, қалған ойындарға 400 теңгеден басталады. Жеті жасқа дейінгі балалар орынсыз, тегін кіреді. Мүмкіндігі шектеулі жандар 2019wmia@icehockey.kz поштасына алдын ала өтініш беру арқылы тегін кіреді", – деді ӘЧ-2019 Ұйымдастыру комитетінің өкілі, Қазақстан хоккей федерациясының бас хатшысы Глеб Каратаев.

Хоккейден әлем чемпионаты (Дивизион I, «А» тобы) Астанада 2019 жылдың 29 сәуірі мен 5 мамыр аралығында өтеді. Әлемдік хоккейдің "элиталық" тобына шығу құқығына Беларусь, Венгрия, Словения, Оңтүстік Корея, Литва және Қазақстан құрамалары таласады. Ең көп ұпай жиған екі команда жоғары дивизионға "жолдама" алып, 2020 жылы Швейцарияда өтетін әлем чемпионатында ойнайды.

Қазақстан әлем чемпионатын өз тарихында тұңғыш рет өткізгелі отыр. ӘЧ-2019 ойындары Астанадағы 12000 жанкүйер сиятын "Барыс Арена" мұз айдынында өтпек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: