Жаңалықтар тізбегі
0

Оқушыны ұрған мұғалім 2,8 жылға сотталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2019 15:24 Сурет: zakon.kz
Өзбекстанның Хорезм облысы Богот ауданындағы мектеп-интернат мұғалімі оқушыны ұрғаны үшін жазаланды.

Өзбекстанның Хорезм облысы Богот ауданындағы мектеп-интернат мұғалімі оқушыны ұрғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Мектептің спорт бапкері Жуманазар Рузметов кінәлі деп танылып, екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айрылған.

Өткен жылы 20 қыркүйекте мұғалім ұрған бесінші сынып оқушысы Бобоназар Худойназаров үш ай бойы комада жатқан. 11 жастағы оқушы қазір үйінде ем қабылдап жатыр.

1 қазанда аудандық прокуратура істі бақылауға алғанын хабарлаған. Оқиға арнайы мектеп-интернаттың дзюдо секциясында болған. Бас прокуратура мәліметі бойынша, "оқушы 2018 жылы 21 қыркүйекте таңғы сағат төртте комаға түскен".

Дегенмен мұғалімге қатысты қылмыстық іс сегіз күннен кейін ғана қозғалған. Тексеру барысында мектепте мұғалімдердің балаларды ұрып-соғуы қалыпты жағдайға айналғаны анықталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: