Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстандық зілтемірші жастар арасындағы ӘЧ әлемдік рекордты жаңартты

Зілтемірді сәтті көтерген Сайхан Тайсуев тұғырда сальто жасады.

Сурет : olympic.kz11 Наурыз 2019, 15:39

Ауыр атлетикадан 13 пен 17 жас аралығындағы қыздар мен ер балалар арасында Американың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионаты-2019 жарысында Сайхан Тайсуевтың жастар рекордын жаңартқан сәт бейнелеген видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшылардың тұғырға көтерілер сәті мінберде отырған көрермен үшін тасада қалады. Дәл осы сәтте спортшы жаттықтырушысынан соңғы тілегін естиді. Үштөбелік 16 жасар Сайхан Тайсуев зілтемірді 67 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтерудегі шешуші кезеңге егжей-тегжейлі дайындалған. Олай етпегенде оның жасына сай жұлқа көтерудегі рекордтық 161 келі тартатын темір оған бағынбас еді.

Осы бір сәтті әрекетте Сайхан Тайсуев жастар арасында (13-17 жас) чемпион атанып, жұлқа көтеруде жастар арасындағы рекордты жаңартты және жастар арасындағы қоссайыстағы салмақты (288 кг) қайталады. Cайхан Тайсуев АҚШ-та өтіп жатқан чемпионатта барлық 6 талпынысты сәтті орындап шықты.

Бұл жастар арасында ауыр атлетикадан өтіп жатқан чемпионатта Қазақстан құрамасының екінші алтыны. Бұған дейін жастар чемпионатының медалін қоржынға 16 жастағы Сайрамкез Ақмолда салған болатын. Алматы облысының өкілі 61 келіге дейінгі салмақта алтын медалді жеңіп алды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер