Жаңалықтар тізбегі
0

Үш баланың анасы аяусыз зорланып, тоналғанын айтты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2019 21:40 zakon.kz
Зорлаған қылмыскер 2,6 жылға сотталды.

Зорлау және тонау ісі бойынша шыққан сот үкімі қоғам белсенділеріне маза бермей отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өйткені зорлау бойынша айыпты адам 2,6 жылға сотталды.

Қалай болған

2018 жылдың тамызында Алматыда И. есімді әйел үйіне келе жатқанда оған А. есімді азамат тап беріп, сүйреп апарып, зорлап тастаған. Онымен қоймай, ер адам әйелдің мобильді телефонын алып кеткен.

– А. екеуміз кафеде бірге істейтінбіз: мен администратор, ол – шопыр. Маған қырындап, тиісетін. Мен басшылыққа шағымданатынмын, оны жазалайтын. Көп шыдамай, жұмыстан шығып кеткен едім. 5 жылдан кейін ол мені тағы да тауып алды, – дейді И.

35 жастағы әйел жалғыз өзі үш бала өсіріп отыр. 2005 жылы екі егіз баласын жерледі, 2011-де күйеуі көз жұмған. Басында үйі жоқ, қала сыртында 30 мың теңгеге шағын үйді жалдап тұрады. Оның үстіне, әйел лейкемияға (аққандылық) шалдыққан, дәрі-дәрмекпен жақын құрбысы көмектесіп тұрады.

Шабуыл жасаған еркектің екі қызы мен бір ұлы бар.

Сотта не болды…

2018 жылдың 26 қарашасында сот өтті. А. айыпты деп танылып, 2 жыл 6 айға сотталды.

Еркектің туыстары ымыраға келу үшін әйелге 3 млн теңге ұсынған. И. келіскен, бірақ оның қолына тек 500 мың теңге берді, басқа ешқандай ақша алмаған.

– Бір сот отырысынан кейін А. маған тіл тигізді, әкесі полицияда істейтінін айтты. Оның туыстары да маған тіл тигізді. Сонда мен оған кешірім бермейтінімді айттым. Ол болса мені аяусыз ұрып-соғып, қылқындырып, үш досымен бірге зорлады. Қазір тағы достарымды шақырып, бәріне зорлатам деді. Зорлап жатқанда менің бетіме дәрет сындырды, – деп жылайды И.

6 наурызда апелляция сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Әбден қорланған әйел бірде өзіне-өзі қол салуға оқталған, оны кездейсоқ куәгерлер құтқарып қалды.

– Күйеуім жоқ болса, мені аяққа таптап қорлай беруге бола ма? Қазір ештеңеден үміттенбеймін. Құдай берсін жазасын. Балаларымның көз жасы соның балаларына көрінсін, – деп әрең тоқтады И.

Жәбірленуші ары қарай соттасудан бас тартты.

Әсем Тұнғышбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: