Жаңалықтар тізбегі
0

Бекер болды. Қырғызстанның үш экс-президенті неге өкінеді

kaktus.media, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2019 19:11 kaktus.media
Үш президент те өз мұрагерін дұрыс таңдай білмеген екен.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың Аксый оқиғасының 17-жылдығына орай өткен митинг-реквиемде сөйлеген сөзі елді дүрліктірді, деп жазады қырғыздың Кактус сайты.

Бұрынғы мемлекет басшысы сөзін түйіндей келе, қазіргі президент Сооронбай Жээнбековті билікке әкелгеніне өкініш білдірді.

Кезінде осыған ұқсас ойларын Асқар Ақаев та, Құрманбек Бакиев те білдірген болатын, дейді басылым.

Асқар Ақаев 2012 жылы "Азаттыққа" берген сұхбатында "Бакиевті билікке әкелгеніме өкінемін" десе, 2015 жылы елден қашқан экс-президент Бакиев Минскіде таныстырған өз кітабында "Менің басты қателігім – Атамбаевты жұмысқа алғаным" деген болатын.

Ал Атамбаев соңғы мәлімдемесінде: "Осындай адамды (Сооронбай Жээнбеков) билікке әкелгенім үшін кешірім сұраймын. Мен бәрін түзетемін", деді.

17 наурызда экс-президент Алмазбек Атамбаев өз сөзінде "айыппұлдар мен салықтарды көтеру арқылы мемлекеттік бюджетті толтыруға болмайды. Оның орнына ұрыларды жауапқа тарту керек", деген болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2019 19:11

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: