Жаңалықтар тізбегі
0

Словакияны тұңғыш рет әйел президент басқарады

Belnaviny.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2019 15:47 Belnaviny.by
Зузана Чапутова 1973 жылғы 21 маусымда Братиславада туған.

Словакияда 45 жастағы адвокат Зузана Чапутова президент сайлауының екінші турында жеңіске жетіп, мемлекет басшысы лауазымына сайланды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ол 1993 жылы тәуелсіз ел атанған Словакияның бесінші президенті әрі ел тарихындағы тұңғыш әйел президент болды.

Оған президент өкілетттігі 15 маусым күні Андрей Кискадан ауысады. З.Чапутоваға екінші турға қатысқан сайлаушылардың 58,4% дауыс берген. Әсіресе оны Братислава қаласы мен Братислава өлкесінің тұрғындары қолдаған (73,74%).

Сайлауға 5,44 млн тұрғыны бар ел сайлаушыларының 41,8%-ы қатысқан.

Зузана Чапутова 1973 жылғы 21 маусымда Братиславада туған, сондағы Коменский атындағы университеттің заң факультетін бітірген.

З.Чапутова заңгер дипломын алған соң адвокат болып жұмыс істеген. Ол негізінен әйелдер мен балаларды, мемлекеттік және коммерциялық компаниялардың қызметкерлерінің құқықтарын қорғаумен айналысқан.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2019 15:47

Зузана Чапутова
© AP Photo/Petr David Josek

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: