Жаңалықтар тізбегі
0

Сенатор халықаралық деңгейде табыстарға жеткен спортшылардың жайын айтты

newsasia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2019 22:50 newsasia.kz
Әр түрлі жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі 11 спорт шебері, 50 спорт шебері және 300-ден астам спорт шеберіне үміткер мемлекеттік гранттан тыс қалды.

Бүгін, 11 сәуір күні, Д. Назарбаеваның төрағалығымен өткен Сенат отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы Премьер министр орынбасары Г.Әбдіқалықованың атына сауал жолдай отырып, еліміздегі өнер және спорт саласындағы колледждерде оқып жүріп, халықаралық деңгейде жоғары жетістікке жеткен түлектер жоғары оқу орындарына түсу барысында кешенді тестілеуден төмен баға алып, мемлекеттік сұраныс бойынша берілген орындарға өте алмауларына байланысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның халықаралық беделіне үлкен үлес қосып келе жатқан сала – өнер мен спорт саласы. Бұл екі салаға мамандар дайындаудың өзіндік ерешеліктері бар. Себебі екі салаға да мамандар дайындау мектептен басталады. Өнер және спорт саласындағы арнайы мектептерде 4-ші сыныптан дайындық басталып, олар кейін өз білімдерін орта арнайы оқу орындары – колледждерде, сонан соң жоғары оқу орындарында жалғастырады. Қазақстандағы өнер және спорт саласындағы үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасуының нәтижесінде біліктілігі жоғары мамандар әр түрлі халықаралық байқаулар мен жарыстарда, олимпиадаларда елдің намысын қорғап, жоғары жетістіктерге жетуде.

Қазір еліміздегі өнер саласындағы 7 колледжде жыл сайын 600 – ден астам түлек бітірсе, ал спорт саласында маман дайындайтын 5 арнайы колледжде 200-ге жуық түлек бітіреді. Жыл сайын түлектердің 60-70 % жоғары оқу орындарына құжат тапсырады. Алайда соңғы жылдары колледж түлектерінің жоғары білім алуына белгілі бір кедергілер туындауда. Өнер және спорт саласындағы колледждерде оқып жүріп, халықаралық деңгейде жоғары жетістікке жеткен түлектер жоғары оқу орындарына түсу барысында кешенді тестілеуден төмен баға алып, мемлекеттік сұраныс бойынша берілген орындарға өте алмай қалады.

- Атап айтқанда, 2018 жылы "дене шынықтыру және спорт" мамандығына бөлінген 450 грантқа 2 353 өтініш берілді. Өтініш бергендердің ішінде 1222 спортшы болып, байқау қорытындысы бойынша олардың тек 107 адам ғана білім грантын алды. Нәтижесінде жүздеген спортшылар, әр түрлі жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі 11 спорт шебері, 50 спорт шебері және 300-ден астам спорт шеберіне үміткер мемлекеттік гранттан тыс қалды. Олардың қатарында Қазақстанның алдыңғы қатарлы спортшылары фристайлдан Еуропа чемпионы Амренова Аяулым, дзюдодан Әлем чемпионы Ыстыбай Айболат, каратэден Әлем чемпионатының қола жүлдегері Белых Иоанна және қол күрестен Нәрік Динара, каратэден Азия чемпионы Оспанова Гүлдана және көптеген спортшылар бар, - делінген Мұрат Бақтиярұлының депутаттық сауалында.

Сенатор жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып арнайы колледждердің түлектерін өнер мен спорт саласындағы жеткен табыстарына сәйкес кешенді тестілеуден босатудың тетіктерін қарастыру туралы талап қойды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: