Жаңалықтар тізбегі
0

17 сәуірде радио мен телеарналар жұмысы тоқтайды

Калейдоскоп ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2019 19:56 Калейдоскоп ТВ
Сағат 03:00-ден бастап 17:00-ге дейін жоспарлы жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстандағы радио-телехабар тарату саласының ұлттық операторы 17 сәуірде теле және радиохабар тарату уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

– 2019 жылдың 17 сәуірінде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік телерадиохабар тарату желілерінің техникалық қондырғыларында қызмет жабылуына байланысты жоспарлы-алын алу жұмыстары жүргізіледі, – деп хабарлады Қазтелерадио.

"Қазтелерадио" АҚ жерсеріктік және эфирлік желілердегі техникалық қондырғыларда қызмет жабылуына байланысты жоспарлы-алдын алу жұмыстарын тоқсан сайын жүргізетіні айтылады.

– Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен қатар, тоқсандық жоспарлы-алдын алу жұмыстары қызметті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді, әрі осы мерзім ішінде техникалық қондырғыларды жетілдіру бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі. Уақытша қолайсыздық туғызғанымыз үшін кешірім сұраймыз, – делінеді Қазтелерадио сайтында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: