Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақтың жолын құртатын – Қытайдың жүк көліктері екен

Википедия, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2019 16:32 Википедия
Қазақстанда 400 мыңнан астам ауыр жүк көлігі тіркелген, оның ішінде 55 мыңдайы самосвалдар.

16 сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасы Самат Гилимов, "ҚазжолҒЗИ" АҚ президенті Бағдат Телтаев, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Жүсіповтің қатысуымен автокөлік жолдарының сақталуы мәселесіне арналған брифинг өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазжолҒЗИ" АҚ зерттеуінше, салмақ жүктемесі шектеуін бұзатын карьерлік самосвалдардың автокөлік жолдарымен жүруі жолдың бұзылуына әкеп соғуда.

– Ауыр жүктер тасымалының қарқыны жолдың жағдайына тікелей қауіп төндіреді. Артық салмақтан жолдың бетіндегі асфальт отырып, жарылып кетеді. Жолды құртатын көбінесе жүгі карьерлер мен инертті заттар қоймаларында тиелетін Қытайда өндірілген самосвалдар. Қазір Қазақстанда 400 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген, оның 55 мыңы самосвал, оның ішінде карьерлік самосвалдар да кіреді, – деді көлік комитетінің төрағасы.

Көліктік бақылау жүргізгенде көптеген тасымалдаушылардың тауар-көліктік жүкқұжаты жоқ болып шығады. 2018 жылы 5 700 тасымалдаушыға 188 млн теңгенің айыппұлы салынған. Жүк жөнелтушілер (карьер қожайындары) жауапкершіліктен жалтару үшін инертті жүктерді тиегенде тауар-көліктік жүкқұжат бермейді екен.

– Қазір көліктік бақылау үш стационарлық бекет, 48 жылжымалы бекеттің көмегімен жүргізілуде. Сонымен қатар, жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарында автоматтандырылған 12 арнайы өлшеу құрылғылары орнатылды. Көліктік бақылау органдары 2018 жылы 12515 карьерлік самосвалды тексеріп, 4384 көлік құралына 321 млн теңгенің айыппұлы салынған, – деп атап өтті Самат Гилимов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: