Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жамбыл облысында болған ЖКО жапа шеккендердің жағдайлары ауыр

Ауруханада тоғыз адам жатыр, оның үшеуі жансақтау бөлімшесінде

Сурет : Facebook/ oo.osa.org22 Сәуір 2019, 11:40

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов үкіметте Қордай ауданында болған ірі жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Белгілі болғандай, 11 адам қаза тапты, 31 адамға әртүрлі деңгейдегі медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда ауруханада тоғыз адам жатыр, оның үшеуі жансақтау бөлімшесінде. Дәрігерлер олардың жағдайларын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалып отыр. Жансақтау бөлімшесінде жатқан үш адамның бірі Өзбекстан азаматы. Қалған алты адам аурухананың әртүрлі бөлімшелерінде ем қабылдауда. Алты адамның екеуі Өзбекстан азаматы болса, қалғандары өзіміздің азаматтар, - деді Мырзахметов.

Қаза тапқандардың денелеріне қатысты аймақ басшысы, жергілікті билік тарапынан оларды шекараға жеткізу үшін барлық жағадайдың жасалып жатқанын атап өтті.

- Ем қабылдап жатқандарға келер болсақ, оларға қажетті медициналық көмектер жасалып жатыр, - деп түсіндірді Мырзахметов.

Жамбыл облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ТЖМ көмегімен Өзбекстанға жапа шеккен 9 адам жетізілді. Қордайдың орталық ауруханасына жапа шеккен төрт адам түсті. Тұрғылықты жері және өз қалауымен Алматыға тоғыз адам, Шымкентке 4 адам жөнелтілді. Зардап шеккендердің ішінде кішкентай балалар жоқ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер