Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайдағы Саммитте Лукашенко мен Путин қатты шекісіп қалды – сарапшы

Ватра UA, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2019 16:37 Ватра UA
Лукашенко орындықты Путинге қарай лақтырып, есікті тарс жауып, бірден әуежайға қарай бет алған. Диспетчерлер амалсыз басқа ұшақтарды кідірте тұрып, оны ұшырып жіберген.

"Келіп жатқан мәліметтерге қарағанда, Ресей мен Беларустің арасы қатты бүлінген", деп жазады әлеуметтік желіде сарапшы Қуаныш Еділхантегі.

Оның айтуынша, бұл жайсыз оқиға Пекинде болған көрінеді.

"Оқиға Қытайдағы Саммит кезінде орын алыпты. Мемлекет басшысы емес, жәй зейнеткер ретінде мемлекет есебінен қыдырып жүрген бір кісі араағайындық жасап, екеуінің сол кездесуіне мұрындық болыпты дейді кейбір ақпарларда, өтірік-расын кім біліпті, кейін кейбір мемуарлардан оқымасақ. Соған қарағанда араларында бұрыннан да салқындық болғаны да.

Кездесуде не болғаны белгісіз, бірақ Лукашенко орындықты Путинге қарай лақтырып, есікті тарс жауып, бірден әуежайға қарай бет алған. Диспетчерлер амалсыз басқа ұшақтарды кідірте тұрып, оны ұшырып жіберген. Тіпті басқа мәжілісте отырған Сижіңпиннің звоногіне де қарамаған дейді.

Елге бара сала РФ-ның Беларусьтегі елшісі, КГБ-лік Бабичты елден қуыпты. Қауіпсіздік Кеңесі Бас хатшының орынбасары, бұрынғы күзетшісі Андрей Втюринді тұтқындаған. Ресми түрде коррупция үшін дейді, бірақ негізі ФСБ-ға үнемі құпия ақпарлар беріп отырған көрінеді.

Оның үстіне кешегі істен шыққан МӨЗ – Беларусьтікі екен. Мозырский мұнай өңдеу зауыты 100 млн доллар зиян шеккен, зауыт тоқтаған. Ал бұл Беларусьті асырап отырған зауыттардың бірі екен – енді Беларусь РФ-дан ірі көлемде компенсация өндіріп алмақшы дейді. Қабылданбаған лас мұнай құбырдың бойында тұр, құбыр металлын "әумин" қылуға жақын дейді", деп жазады ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: