Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Денесі табылды. 18 жастағы студент қыздың өлімінің себебі анықталуда

Қыз өзіне өзі қол салып өлген болуы мүмкін.

Сурет : Алматы облыстық ПД20 Мамыр 2019, 09:18

18 жастағы студент қыз Айгүл Амангелдінің денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облыстық ПД-не сілтеме жасап.

Қыздың денесі 19 мамырда сағат 17.30-да Талғар ауданының Белбұлақ ауылы жанындағы таулы жерден табылды.

- Туысқандары мәйітті таныды, денеден ешқандай зорлық-зомбылық іздері табылмады. Алдын-ала жорамал бойынша, қыз өзіне өзі қол салған болуы мүмкін. Өлімінің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды. Дерек бойынша ҚР ҚК 105 бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды, - деп хабарлады полиция.

13 мамырда таңғы 9-да Алматы облысы, Белбұлақ ауылындағы (Мичурино) үйінен шыққан Айгүл С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетке соңғы емтиханын тапсыруға кеткен. Белгісіз себеппен ол оқу орнына келмеген. Сол күйі ұшты-күйлі жоғалған болатын. Ата-анасы полицияға арыз жазған еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер