Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сәтпаевте жанармай бекетіндегі кассир әйелді балталап кетті

Марқұмның артында бес баласы қалды.

Сурет : zakon.kz20 Мамыр 2019, 17:22

Сәтпаевте 16 мамыр күні таңертең әйелдің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Редакцияға белгілі болғандай, 1993 жылғы әйел жанармай бекетінде кассир болып жұмыс істеген. Оның қанға малынған денесін бекетке келген клиенттердің бірі тапты. Әйелдің маңдайында тілінген-шабылған ашық жарақаттар болды.

Марқұмның артында бес баласы қалды (5-15 жаста). Кейбір дерек бойынша, кассада 20 мың теңге болған.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

– 16 мамырда Сәтпаев қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде кісі қолынан қаза тапқан 37 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол Жезқазған қаласының тұрғыны. Факт бойынша ҚР ҚК 99 бабы, 2 бөлігі – "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәжірибелі қызметкерлерден жасақталған топ қылмыскерді іздестіріп, істі тергеуге кірісті, – деп хабарлады полиция.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер