Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының қақ ортасында BMW және КамАЗ көліктері қақтығысты

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2019 15:21 Zakon.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам жапа шеккен.

Сәрсенбі, мамырдың 22-не қараған түні, Алматыда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік қатысқан жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәлімет бойынша, КамАЗ автомашинасы Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Ол Жібек Жолы көшесінің қиылысында солға бұрылмақшы болады. Осы сәтте солтүстікке бағыт алған BMW автокөлігімен бетпе-бет қақтығыс орын алған. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі машина ішінде қысылып қалып, оны күл-талқаны шыққан көліктің ішінен шығарып алу үшін құтқарушыларды шақыртуға тура келді.

Алдын ала мәлімет бойынша, BMW-ның жүргізушісі мен жолаушысы жапа шегіп, олар ауыр халде аурухана төсегіне таңылған.

Жүк көлігін тізгіндеген жүргізушінің айтуынша, ол қарсы бағыттағы көліктерге бағдаршамның қызыл түсі жанған сәтте барып бұрылған екен. Оның сөзінше, BMW жоғары жылдамдықтпен жүйткіп келіп, жолдың оң жақ шетімен бағдаршамның қызыл түсіне өте шығыпты. Көліктің жүргізушісі де, жолаушысы да жас жігіттер екен.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2019 15:21

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2019 15:21

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2019 15:21

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2019 15:21

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2019 15:21

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2019 15:21

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2019 15:21

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: