Жаңалықтар тізбегі
0

Дебаттың тікелей эфирі: "Хабар" мамандары әлі де ақылдасады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2019 22:46 zakon.kz
Тікелей эфир бола ма, болмай ма – оны "Хабардың" тәжірибелі мамандары жиналған жұмыс тобы шешеді – Кертаев

Теледебаттың форматы қандай болатынын "Хабар" агенттігінің тәжірибелі мамандары, кәсіби журналистер, "телевизионщиктерден" құралған жұмыс тобы шешеді. Бұл туралы бүгін "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Қазір біз теледебат форматын ойластыра бастадық. Дебаттың записьін көрсетеміз бе, әлде тікелей эфирге шығарамыз ба – оны "Хабардың" тәжірибелі мамандары жиналған жұмыс тобы шешеді. Олар бұған дейін көптеген танымал ток-шоу әзірлеген мықтылар, ел тарихында дебаттар ұйымдастыру мен өткізуге қатысқан мамандар, – деді ол.

– Дебатты тікелей көрсете ме, жоқ па – оны "Хабар" телеарнасының өзі шешеді. Кандидаттар да бас тартуға құқылы, – деп қосты ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Бүгін дебатты көрсететін "Хабар" телеарнасымен 41 млн теңгеге келісімшарт жасасу туралы тапсырма беріліпті. Алайда бұл сома әлі де нақтыланады делінеді.

– Дебат қазақша және орысша өтеді. Регламентке сай, қатысушылар белгілі бір тәртіптерді сақтауы тиіс, бір-біріне тіл тигізіп, ар-намысқа тиетін жалған сөздер айтпауы керек. Егер бұл талаптар бұзылып жатса – дебатты дереу тоқтатып тастауға болады, – деді Сүлеймен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: