Жаңалықтар тізбегі
0

Дебаттың тікелей эфирі

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2019 00:03 zakon.kz
Дебаттар үш раундтан тұрады.

Нұр-Сұлтанда сағат 18.00-де Қазақстан президентіне кандидаттар арасындағы теледебат басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

18.16 Амангелді Таспихов Мәулен Әшімбаевқа сұрақ қойды

- Сіз ауылдардағы мәселерді қалай шешпексіз?

Әшімбаев: инфрақұрылымды, ауыз судың сапасын көтеру. Біздің кандидат ауылдарды ауыз сумен және жолдарды жөндеуге уәде береді. Мектептердің сапасына қатысты да нақты бағыттар бар. Ауылдардағы медицинаны жетілдіру. Біздің кандидат ауыл тұрғындарына диагностика, скрининг ұсынып отыр. Бұл оның басым тұсы.

Бірінші раундтың екінші туры. Сұра-жауап

18.14 Кәсіподақтар кеңесі федерациясының атынан жетінші кандидат Амангелді Таспихов

Еңбек қатынастарын жақсартуға ден қояды. Жұмыс орындарымен қаматамасыз етіп отырған жұмыс берушілерге демеу көрсету. Ол мемлекет ішкі ерікті көшіп-қонуға демеу көрсететін жүйе енгізу қажет деп санайды. Жақында жарнама туралы қабылданған заң кәсіпкерлердің наразылығын тудырды. Кәсіпкерлерге жағдай жасамай қабылданған әрбір заң азаматтардың бастамаларына шектеу қояды. Мұндай шешімдер адамдардың түсініспеушілігі мен билікке деген сенімсіздігін тудырады. Мен әрқашан негізделген шешімдер қабылдайтын боламын.

18.12 Дания Еспаеваның өкілі Азат Перуашев.

Экономикамының басым салалары үшін ҚҚС азайту. Қазіргі таңда өзіміздікінен гөрі өзгенікін сату тиімді болып отыр.

Дания Еспаева өз бағдарламасында халықаралық банктер мен офшорларда жатқан Қазақстанның ақшаларын қайтарудың маңыздылығын мән беруде. Қазақстанның ішіндегі кредиттердің мөлшерлемесін төмендетуді көздейді. Журналистерге қорған болып, мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттырып, сот жүйесінің жағдайы мен жұмыс жасауын жақсартуды мақсат тұтуда.

19.09 Сәді-бек Түгел

Жемқорлық экономикаға үлкен кесірін тигізіп отыр. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың кесірінен мемлекеттің байлығы олигархтардың қолында кетті. Менің саясатым – Нормвегия, араб мемлекеттері сияқты барлығын қайтарып, әрбір қазақстандыққа үлестіріп беру. Жастар үй-күйсіз жүр, бітпейтін ипотека, жеңіл өнеркәсіп арқылы жұмысыздықты түбегейлі жою.

18.07 Үшінші – Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының атынан кандидат Жамбыл Ахметбеков

Ол кредиттік жүйедегі тонауға аса көңіл бөлді. Қашқын олигархтарды сотқа жеткізу. Аталған саладағы заңды күшейту. Бүгінгі капитал – жалған құнылық. Адам тек екінші орында тұрғандығын атап өтті.

18.06 Екінші болып, «Ауыл» партиясы атынан кандидат Төлеутай Рахымбековтың өкілі Әли Бектаев сөз сөйлейді.

Кандидат ауыл мен аграрлық саланың дамытпақшы. Рахымбеков ұлттық құндылықтарға аса мән береді. Сонымен қатар жастардың өмір сүрі жағдайын жақсартпақшы.

18.04 Бірінші болып Nur Otan партиясы атынан түсіп отырған кандидаттың өкілі Мәулен Әшімбаев.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасы мемлекеттегі экономиканың дмауына, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Отандық өндіріске демеу көрсету. Ауылдық бизнестке қолдау білдіру. Қаржы секторын дамыту. Инфрақұрылымды дамыту.

Бірінші раунд. Бірінші тур. Кандидаттар мен олардың өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: