Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ауруханалар мен емханаларға миллиард теңгенің айыппұлы салынды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2019 17:39 zakon.kz
Алматыда айыппұлдар сомасы 116 млн теңгені құрады.

Қазақстандағы ауруханалар мен емханаларда медициналық қызмет сапасы мен көлемін тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Сол үшін тиісті мекемелерге айыппұлдар салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы, Қазақстан бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1,5 млрд теңгеге татитын заң бұзушылықтар тапты.

- Мониторинг барысында табылған негізгі заң бұзушылықтар – емдеу-диагностика шараларының стандарттарынан ауытқу, құжаттарды сапасыз жүргізу, қызмет құнын жөнсіз қымбаттату және медициналық қызмет көрсету деректерінің расталмауы, – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалындағы мониторинг бөлімінің жетекшісі Әсем Манапбаева.

Алматы қаласы бойынша айыппұлдар сомасы 116 млн теңгені құраған.

Қазір Алматыда медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша 184 ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жұмыс істейді. Олармен 2019 жылға жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 105 млрд теңгеден асады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: