Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2019 15:20 Ақорда
ҚХР Төрағасы Мемлекет басшысын сайлаудағы жеңісімен құттықтап, биыл Қытайға ресми сапармен келуге шақырды.

Мемлекет басшысы президент болып сайлануымен және Қазақстан Президенті қызметіне кірісуімен құттықтағаны үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасына ризашылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Менің атыма жолдаған жүрекжарды құттықтау хатыңызды алдым. Сайлау қорытындысын Қазақстан халқының маған артқан зор сенімі және Тұңғыш Президентіміз, Сіздің досыңыз Нұрсұлтан Әбішұлының бағдарын қолдауы ретінде қабылдаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті қазақ-қытай ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастардың сыртқы саясатымыздағы басты басымдықтардың бірі екенін айтты.

– Бұл ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты бар. Кең ауқымды Еуразия құрлығындағы тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оның маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді "Бір белдеу – бір жол" екінші халықаралық ынтымақтастық форумының табысты өтуімен және ҚХР-дің алдағы 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

ҚХР Төрағасы Мемлекет басшысын президент сайлауындағы жеңісімен тағы да құттықтап, биыл Қытайға ресми сапармен келуге шақырды.

– Біз Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, цифрландыру, ІТ-индустрия және "жасыл" технология салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға үміттенеміз. Сондай-ақ, "Бір белдеу – бір жол" бағдарламасы мен Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын ұштастыру арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңірек пайдалануға мүдделіміз, – деді ҚХР Төрағасы.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы, соның ішінде жастардың тағылымдама алмасуларын кеңейту және бірлескен іс-шаралар өткізу жөніндегі екі елдің ықпалдастығын талқылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: