Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептер биыл латын қарпіне көшпейді - тіл маманы

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2019 16:33 Сурет: zakon.kz
Биыл жарық көретін ақын-жазушылардың көркем шығармалары латын қарпімен жазылуы шарт.

Елімізде оқушылар мен студенттер биыл латын қарпіндегі кітаптармен білім алмайтынын мамандар айтты, деп хабарлайды Хабар-24-ке сілтеме жасап, Zakon.kz.

Бірақ оқушылар мен студенттердің латынша жазуға бейімделу үшін қосымша сабақтарға еркін түрде қатысуына мүмкіндігі бар екен.

Сондай-ақ биыл жарық көретін ақын-жазушылардың көркем шығармалары латын қарпімен жазылуы шарт. Әрине, латынға қарпіне өту үрдісі - біршама уақыт пен сауаттылықты талап етеді. Әзірге тек мемлекеттік органдардың атауы ғана латынша жазылып жатыр. Жаңа алфавиттер бірінші әкімдік ғимараттарында, кейін мәдени нысындарда пайда болды.

- Құжаттар фирменный бланктар ауысады. Тапсырма берілді. Әрі қарай біз жұмыс істейміз, - дейді қалалық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Гауһар Елембаева.

Оның айтуынша, елімізде латынға көшу үшін жаңа әліпби бекітілді. Енді кей мектептерде латын қаріптері бойынша қосымша сабақтар өткізіледі. Осы тақырып бойынша арнайы семинарлар ұйымдастырылып, жаңашылдық егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

Қазір тіл мамандары мен ғалымдар арнайы сөздіктер мен анықтамаларды латын қаріпіне көшіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта қазақтың небір әдебиеттері де жаңа алвафитпен қайта жазылмақ. Содан кейін ғана оқушылар мен студенттер жаңа қаріппен оқытылады

- 2021-22 жылдары бастауыш сыныптар мен балабақшалар көшеді. Қазір орфографиялық ережелерге басымдық беріліп жатыр. Алдымен шет сөздерді латын алфавитінде дұрыс жазуға мән беріледі.Себебі қазір қазақ тілінде 21 мыңдай жаңа термин бар, - дейді Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: