Жаңалықтар тізбегі
0

Ешкімді мәжбүрлемейміз!.. Министр елді шулатқан СМС хабарламаға қатысты жауап берді

Ашық дереккөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2019 22:51 Ашық дереккөздерден алынды
Министрдің айтуынша, бұл балаларды зиянды контенттен шектеп, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Дәлірек айтқанда, азаматтардың порнографиялық, экстремистік һәм террорлық сайттарға кіруіне жол бермейді.

Қауіпсіздік сертификатын орнату әр адамның өз еркінде. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев журналистерге берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Министрдің айтуынша, бұл балаларды зиянды контенттен шектеп, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Дәлірек айтқанда, азаматтардың порнографиялық, экстремистік һәм террорлық сайттарға кіруіне жол бермейді.

- Егер балаларыңыздың қауіпсіздігіне алаңдасаңыз, бұл сертификатты орнатыңыз. Бұл сізге қажет емес десеңіз, ешкім сізді мәжбүрлемейді. Бұл - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйе. Өйткені бүгінде сайттарға сан алуан кибершабуылдар жасалып жатыр. Әртүрлі вирустар және бар, - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

Айта кетсек, өткен аптада байланыс операторлары абоненттерге интернетке шығу мүмкіндігі бар барлық құрылғыға қауіпсіздік сертификатын орнату қажеттігі туралы смс-хабар жібере бастады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: