Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Қаза тапқан қорықшы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2019 23:20 Ақорда
Президент киіктерді атқандарға жазаны күшейтуді тапсырды.

Браконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтып, желідегі парақшасында жазба жариялады.

"Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, жауапқа тартылады. Киіктерді атқандарға жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Орманшы С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, инспекторлар Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде Қостанай облысына тиесілі ақ түсті "Нива" маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алған. Салдарынан Қаныш Нұртазинов Державинск ауруханасында көз жұмды. Қазіргі уақытта марқұмның денесін туған ауылына жеткізу мәселелері талқыланып жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, жарақат алған екінші инспектор Самат Оспановқа Державинск аудандық ауруханасында ота жасалуда.

Алдында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев те браконьерлер қолынан мерт болған инспектордың отбасына көңіл айтып, барлық жағдай жасалатынын жеткізген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: