Жаңалықтар тізбегі
0

Қорықшыны өлтірді деген күдікпен әкелі-балалы азаматтар ұсталды

zhambylnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2019 15:20 zhambylnews.kz
45 жастағы әкесі мен оның 20 жастағы ұлы қылмыстық айғақтарды жою үшін автокөліктен құтылмақ болған.

"Охотзоопром" ӨБ РМҚК Ақмола филиалының инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілер із суытпастан қолға түсті, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Zakon.kz.

"Жедел іздестіру шаралары кешені нәтижесінде Ақмола облысы полиция департаментінің полициясы аңшылық шаруашылық қызметкерлеріне шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті. Олар Арқалық қаласында тұратын әкелі-балалы азаматтар болып шықты. 45 жастағы әкесі мен оның 20 жастағы ұлы қылмыстық айғақтарды жою үшін автокөліктен құтылмақ болған. Алайда тәртіп сақшыларының бірлесіп әрекет етуінің арқасында күдіктінің екеуі де Қостанай облысының аумағында ұсталды" делінеді арнайы хабарламада.

Айта кетсек, 23 шілдеде Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген инспекторлар киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде Қостанай облысына тиесілі ақ түсті "Нива" маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алған. Салдарынан Қаныш Нұртазинов Державинск ауруханасында көз жұмды. Қазіргі уақытта марқұмның денесін туған ауылына жеткізу мәселелері талқыланып жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, жарақат алған екінші инспектор Самат Оспановқа Державинск аудандық ауруханасында ота жасалуда.

"Осы оқыс оқиғаға байланысты дереу жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілерді ұстау бойынша кешенді шаралар қолға алынды. Күдіктілерді ұстауға Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарының полиция бөлімінің жеке құрамы тартылды. Патрульдік қызмет нарядтарына күдіктілердің көлігін нұсқап, тапсырма берілді. Жарқайың және көрші аудандардың аумағында 10 блок-бекет қойылды", - делінген еді алдындағы ресми ақпаратта.

Бұл қылмыстық істі ҚР Ішкі істер министрі жеке бақылауына алған болатын. Факті бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев те браконьерлер қолынан мерт болған инспектордың отбасына көңіл айтып, барлық жағдай жасалатынын жеткізген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жоматр Тоқаев та қайтыс болған қорықшының отбасына көңіл айтып, қызмет бабында мерт болған марқұм Қаныш Нұртазиновты мемлекеттік сыйлыққа ұсынатынын мәлімдеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: