Жаңалықтар тізбегі
0

Белгілі жазушы, ғалым Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден өтті

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2019 16:31 inform.kz
Әбілфайыз Ыдырысов - Қазақстанның Ұлыбританиядағы, Исландиядағы және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың әкесі.

Танымал журналист, жазушы, қоғам қайраткері, Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Егіндісай ауылында туған. Жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты. Өзінің еңбек жолын "Қазақстан пионері" газетінің редакциясында әдеби қызметкер ретінде бастап, бас редактор қызметіне дейін көтерілген. Сондай-ақ, радиода, республикалық басылымдарда тынымсыз еңбек етті.

Өзінің шығармашылық еңбек жолында 800-ден астам публицистикалық мақалалар, очерктер, оқулықтар, "Қазақ журналистикасының тарихы", "Очерк журналистика жанры ретінде", "Баспа өнімдерін әсемдеу" тағы басқа да пәндер бойынша әдістемелік құралдар дайындады. Әбілфайыз Ыдырысовтың деректі "Таңшолпан" романының авторы ретінде де танымал тұлға.

Әбілфайыз Ыдырысов - Қазақстанның Ұлыбританиядағы, Исландиядағы және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың әкесі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: