Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжілісте көрнекті мемлекет қайраткері Марат Оспанов еске алынды

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2019 22:26 Мәжілістің баспасөз қызметі
Шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс депутаттары және марқұмның отбасы мүшелері қатысты.

17 қыркүйекте көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына орай Мәжілісте сурет көрмесі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс депутаттары және марқұмның отбасы мүшелері қатысты.

Палата Спикері жиналғандар алдында Марат Оспановтың Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі бола жүріп, егемен еліміздің дамуына, Қазақстанда парламентаризмді қалыптастыруға қосқан зор рөлі туралы баяндады. Сонымен бірге, өзінің қайсарлығымен, турашылдығымен Елбасы тапсырған әрбір істі сындарлы және тиімді орындап, тәуелсіз Қазақстанымыздың игілігі жолында аянбай қызмет еткенін айтты.

Мәжіліс Спикері атап өткендей, бұл көрме Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына арналған кешенді шаралардың алғашқы қадамы. Алдағы уақытта көптеген жұмыстар жоспарланған.

Көрмеде Мәжіліс депутаттары және Марат Оспановтың жары Бақыт Ахметқалиқызы сөз алып, саяси қайраткердің өмірі, елеулі еңбектері мен ғылыми қызметі жөнінде, адамдық ізгі қасиеттері туралы жан-жақты баяндады.

Көрмеге Марат Тұрдыбекұлының бала кезінен Мәжіліс Төрағалығына дейінгі өмір жолынан сыр шертетін суреттер қойылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2019 22:26

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: