Жаңалықтар тізбегі
0

Полицейлер жас қыздарға өзін-өзі қорғау әдістерін үйретті

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2019 17:53 Алматы облыстық ПД
Жасөспірім қыздарға зорлық-зомбылық түрлері мен одан қорғану жолдары, күйзелісті жеңу тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысының Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жаңа оқу басталуына орай, Талдықорған қаласындағы колледждердің студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға қатысқан жасөспірім қыздарға құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық-зомбылық түрлері мен одан қорғану жолдары, күйзелісті жеңу тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуде тақырыпты ашу мақсатында полицейлердің арнайы әзірлеген бейнероликтері көрсетілді. Бейнероликтерде әлеуметтік желілердегі танысулар немесе бейтаныс жандарға шүбәсіз сену, түнгі мезгілде қыдыру қыздардың зорлық-зомбылық құрбаны болуына әкелуі мүмкін екені түсіндірілді. Сонымен қатар, бейтаныс көліктерге отыру, бөтен адамдармен қонаққа бару, жақындарына ескертпестен үйден шығып кету, ішімдіктер мен есірткі өнімдеріне үйір болудың соңы жақсылыққа апармайтыны айтылды.

Сонымен қатар, Полиция департаментінің жауынгерлік күрес нұсқаушысы Ақанұлы Бауыржан жастарға өзін-өзі қорғаудың қарапайым айла-тәсілдерін үйретті. Түрлі ситуациялық жағдайларға талдау жасап, шабуылдаушы мен қорғанушының психологиялық ерекшеліктеріне тоқталды. Әдістерді іс-тәжірибеде көрсетіп, шеберлік сабағын өткізді.

"Қыздарға қорғану мақсатында өзімен бірге ысқырықтарды, кілттер жиынтығын, түрлі спрейлерді, яғни дезодоранттар, шашқа арналған лактарды алып жүрудің артық етпейді. Бастысы – жағдайды дұрыс бағамдап, қолда бар заттарды тиімді пайдалану. Зорлық-зомбылық орын алуы мүмкін орындардан мүмкіндігінше аулақ жүруі қажет. Дегенмен, ондай жағдай орын алса, жинақы болып, бірден қорғану шараларын қабылдауы тиіс", - деп атап өтті полиция өкілдері.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2019 17:53

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2019 17:53

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: