Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин ресейлік әріптесімен кездесті

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2019 19:24 Мәжілістің баспасөз қызметі
Н.Нығматулин мен Володин парламентаралық ықпалдастықтың да жоғары деңгейін атап өтті.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин мен Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Владимир Володин парламентаралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ, ертең Нұр-Сұлтанда басталатын Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Ресей Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі саналады. Тараптар екі мемлекет басшылары өзара түсіністік және достық қатынастарына негізделген бірлескен жұмыс нәтижесінде, елдеріміз ынтымақтастықтың жоғары деңгейге қол жеткізгенін атап өтті. Осы ретте В. Володин Қазақстаннның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресеймен қатынасты нығайтудағы және еуразиялық ынтымақтастықты кеңейтудегі зор рөліне тоқталды.

Н.Нығматулин мен Володин парламентаралық ықпалдастықтың да жоғары деңгейін атап өтті.

"Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік" деп аталатын Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-ші Кеңесі жоспарларын талқылай келіп, барлық шаралар қатысушы елдерге жан-жақты тиімді және пайдалы пікір алмасуға мүмкіндік беретініне тоқталды. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, аталған беделді форумды өткізу біздің елдеріміздің парламентаралық қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенінің нақты көрсеткіші.

Қазақстанда алғаш рет өткелі отырған беделді форумға 65 елдің өкілдері мен 14 халықаралық ұйым мүшелері келді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: