Жаңалықтар тізбегі
0

Бір хиромант Димаштың алақанына қарап, болашағын болжады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2019 22:04 видеодан алынды
Өмір сызығы ұзыннан анық түскен. Бұл ұзақ, мықты әрі бақытты өмірді танытады. Өмір сызығының екіге айырылуы оның өмірінің басым бөлігі туған ауылынан жырақта өтетінін байқатады - хиромант.

Хиромант Александр Пестовтың Димаштың алақанына қарап, оның болашағын болжаған болжамы Youtube желісінде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода "Звездные секреты" бағдарламасы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне тосын сый жасағаны айтылады. Бұл бағдарлама хиромант Александр Пестовқа Димаштың алақанына қарап, өз болжамын айтуды өтінген.

"Бұл - өте мықты тұлға. Саусақтарының ұзын әрі алшақ болуы оның тәуелсіз, өз-өзіне сенімді, мақсат қойғыш әрі алға ұмтылғыш адам екенін білдіреді. Димаштың қолы көбіне дәрігер, мұғалім, емші сынды өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүретін мамандықтағы адамдардікіне келеді. Бас бармағының бүгілгіштігі ой-санасының ашық, ойлау қабілетінің жүйрік екенін, өзгенің пікірін сыйлай алатынын білдіреді. Мұндай адамдар жылдар өте келе парасатты, дипломатты адам болады.

Ең кіші саусағы эстеттерге, яғни сұлулықты бағалайтын, әдемілікті көре білетін адамға тән. Сұқ саусағы тік, бүгілгіш емес. Демек, алға қойған мақсаттарына тікесінен жететін адам ол. Бұл кәсіби жетістігінің барлығы біліміне толық сай келетінін білдіреді. Мұндай творчествалық адамның ғұмыры ұзақ болады. Ал күн секілді жайылған алақаны оның жанкүйері көп болатынын білдіреді.

Алақанда жан-дүние сызығының терең түсуі бұл сирек кездесетін нәрсе. Ол - жүрек пен ақылды байланыстыратын сызық. Димашта ол бүкіл алақанын алып жатыр, ал ондай адамдар - үлкен миссияның адамы. Көбіне мұндай адамдардың отбасылық жағдайы сәтті бола бермейді. Өйткені ондай адамның жүрегі біреуді емес, барлығын сүюге арналады. Ал сүю ондай адамдар үшін шексіздікті білдіреді.

Өмір сызығы ұзыннан анық түскен. Бұл ұзақ, мықты әрі бақытты өмірді танытады. Өмір сызығының екіге айырылуы оның өмірінің басым бөлігі туған ауылынан жырақта өтетінін байқатады", - дейді ол өз болжамында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: