Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжілісте бірқатар екіжақты кездесулер өтті

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2019 14:43 Мәжілістің баспасөз қызметі
Тараптармен мемлекетаралық, сондай-ақ, екіжақты қатынасты дамытудың маңызды сұрақтарын талқыланды.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин қыркүйектің 24-жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген бірқатар әріптестерімен кездесті.

Тараптармен мемлекетаралық, сондай-ақ, екіжақты қатынасты дамытудың маңызды сұрақтарын талқыланды.

Екіжақты қарым-қатынас тарихында алғашқы рет жоғары деңгейдегі сапармен келген Бахрейн Корольдігі Парламенті өкілдер палатасының төрайымы Фаузия Зайнал ханыммен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылды. Бахрейн Корольдігі - Қазақстанның негізгі сыртқы саяси әріптестерінің бірі.

Н.Нығматулин екіжақты қатынастардың маңызды бөлігі ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық бағытты атап өтті.

Тараптар келешекте де барлық салаларда, соның ішінде парламентаралық байланыстарды күшейтіп, халықаралық мәселелер бойынша да ортақ мақсаттарды нығайту маңыздылығына тоқталды.

Ал, бауырлас Қырғыз елінің Жогорку Кенеш Төрағасы Дастанбек Жұмабековпен жүздесуде Мәжіліс Төрағасы қырғыздық-қазақстандық стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық одан әрі тереңдету туралы сөз қозғалды. 2019 жылы Қырғызстан ҰҚШҰ және ШЫҰ төрағалық етуде. Осы орайда, Мәжіліс Спикері ұйым жұмысына қатысты басым бағыттарды табысты жүзеге асыру интеграциялық бірлестіктер аясында көпқырлы іс-қимылды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Осы күні Мәжіліс Төрағасы Мажарстан Мемлекеттік Жиналысының төрағасы Ласло Кеверді қабылдады. Биыл екі ел арасында стратегиялық әріптестік туралы Декларацияға 5 жыл толды. Н.Нығматулин атап өткендей, біздің халықтарымызды тарихи тамыр, ұлттық мәдениет байланыстырады. Бұл қазақстандық-мажарстандық қатынастың тұрақты дамуының кепілі.

Барлық кездесулерде ертең болатын айтулы парламенттік форумның маңыздылығына баса көңіл бөлініп, шараның Еуропа мен Азия елдері арасындағы бірлікті нығайтуда рөлі зор екені айтылды.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Мун Хи Санмен алдағы форум жайын әңгімеледі.

Н.Нығматулин атап өткендей, бұл форум Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының 25 жылдығымен сәйкес келді. Мұндай ауқымды әрі беделді парламенттік форум Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды.

Мәртебелі мейман өз кезегінде Қазақстанның еуразия жүрегінде орналасқанын және бұл идеяны Қазақстанның тұңғыш Президентінің жариялауы заңдылық екенін айтты.

Мун Хи Сан біздің елімізді Кореяның маңызды әріптесі дей отырып, жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ынталы екенін жеткізді.

Биыл екі ел арасында стратегиялық әріптестіктің орнағанына 10 жыл толды. Осы уақыттар ішінде, біздің елдеріміз өзара қатынастың жоғары деңгейіне көтерілді.

Кездесу соңында Нұрлан Нығматулин 4-кеңес парламентаралық іс-қимылдың тиімді тетігін құруға, Еуразия кеңістігіндегі заңнамалық органдар арасында көпжақты диалог орнатуға ықпал ететініне сенім білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: