Жаңалықтар тізбегі
0

Шалқар халқы "уағыз айтқыш" Тазабекке сөз бермей қойды

minber.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 19:11 minber.kz
Қоғамның басым көпшілігі радикалды ұйымдарға қарсы.

"Мұхамеджан Тазабек дегеннің Шалқар қаласындағы уағызын болдырмай тастапты деген хабар естідім", дейді желіде Мұхтар Түменбай.

"Жақсы жаңалық, рас болса", деп пайымдайды пост авторы.

– Дегенмен, бұл шаруа осымен бітті деген сөз емес. Оның ауылы әлі алыста. Радикалды діни ағым өкілдері осымен қоя қояды екен деп алданбай ақ қойыңыздар. Әрине, әлеуметтік желідегі, жалпы қоғамдағы дүрбелеңнен кейін олардың риторикасы біршама бәсеңдеуі мүмкін. Айтатын уағыздарының мазмұны да жұмсарып, қайтадан жалпы адамзаттық құндылықтарды талқылауға көшер, - дейді ол.

Бірақ бір нәрсені анық есте сақтау қажет.

– Бұл ораторлар мұның алдында да өз лекцияларын отбасы гормониясы, бала тәрбиесі деген сияқты бейкүнә әңгімелерден бастаған болатын. Сосын, бірте-бірте ер азаматтың отбасындағы орны қандай деген сауалды алға тартты. Одан соң әйелдің орнын шегелеп тұрып көрсетуге көшті. Кейін, халықты әбден еліктіріп болдық ау дегенде мемлекеттік мекемелерге де ақыл айтып, елді қалай құрып, нендей құндылықтарға негіздеу керектігін, кімді тыңдап, кімді сабау керектігін әмір бергендей қадап тұрып айта бастады. Бұл жолы сөйтті, бұдан кейін де солай істемек. Енді ойланыңыздар. Келесі қадамдары қандай болмақ? Дінге негізделген мемлекет құру ма?

Неліктен мемлекеттік мекемелер мен мектеп қабырғасында бұлардың уағыз жүргізуіне қатаң тыйым салу керек?

– Біріншіден, діннің қай бағытын ұстанам десе де әр адамның өз еркі. Таңдауы да өзінде. Оған ешкімнің пәрмені әсер етпеуі тиіс. Адамның наным-сеніміне ықпал ету, арбау, иландыру, көндіру - оның жеке өміріне қол сұғушылық. Әркім Құдайға деген жолын өзі табады.
Екіншіден, радикалды діни ағымдардың жетегінде кеткен мемлекет қызметкерлері өз міндеттерін обьективті атқарудан қалады. Мемлекеттің мүддесі үшін емес, сол ағымдардың мүддесі үшін жұмыс істейді. Солардың мақсат-мұраттарын алдыңғы орынға қояды.
Үшіншіден, қазіргі таңда қоғамның басым көпшілігі радикалды ұйымдарға қарсы. Қуантарлық жай әрине. Дегенмен, мұндай үрдіс жалғаса берсе, діни ағымдар тоқтаусыз, еш кедергісіз өз насихатын жүргізе беретін болса, ертең біз көпшіліктен азшылыққа айналамыз. Бір ғана Тазабектің инстаграммдағы парақшасына миллионнан астам оқырман жазылғанын ескерсек ондай қауіп бар екенін мойындамасқа амал жоқ. Ал олар көпшілікке айналғанда не болмақ? Айталық, сол кезде әділ сайлау жүйесі құрылды делік. Енді елестетіп көріңдер, – деп түйіндейді өз ойын Мұхтар Түменбай.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: