Жаңалықтар тізбегі
0

Дариға Назарбаева елге Чехия кәсіпкерлерін шақырды

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2019 16:35 Ж.Құспанов
Дариға Назарбаева Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету туралы айтты.

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Чехия Республикасы Парламенті Депутаттар палатасының Төрағасы Радек Вондрачекпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар ауыл шаруашылығы, көлік-транзит инфрақұрылымы, энергетика, фармацевтика, денсаулық сақтау және туризмді өрістету саласындағы бірлескен жобалардың келешегін талқылады.

Дариға Назарбаева кездесуді аша келіп, Чехия Қазақстанның Еуро Одақтағы келешегі зор сауда-инвестициялық әріптестерінің бірі екенін және осы елмен достық қатынасты тереңдетуге баса назар аударылатынын атап өтті.

Сенат Басшысы Чехия кәсіпкерлерін Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейте түсуге шақырды.

"Қазақстан арқылы Азия мен Еуропа елдерін байланыстыратын 5 теміржол және 6 автокөлік бағдары өтеді. Сол себепті шекаралас елдермен жобаларды іске асырудың тұғыры ретінде Қазақстанды қарастыру мүмкіндігі бар", - деді Д.Назарбаева.

Чехия Республикасы Парламенті Депутаттар палатасының Төрағасы өз кезегінде Қазақстан мен Чехия арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде екенін бағалады және оларды дамытудың зор әлеуетін атап өтті.

Радек Вондрачек сондай-ақ "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың маңызын атап өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың осы бағытын кеңейтуге мүдделілік білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2019 16:35

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2019 16:35

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: