Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімін мемлекетке қайтару бойынша 254 шағым тіркелген

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2019 18:29 Ашық дерекөздерден алынды
Кәсіпкерлер палатасының тікелей араласуымен Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы, Маңғыстау аудандарының жер даулары кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Маңғыстау облысында кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімін мемлекетке қайтару үшін 254 шағым түскен

Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып алу туралы 254 талап-арызды сотқа жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында өткен "Жергілікті атқарушы органдармен кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін табыстау кезінде орын алған заң бұзушылықтар және олардың алдын-алу мәселелері" туралы талқы жиында айтылды. .

Нақтылап айтар болсақ, ауылшарушылық мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы табыстау кезінде, жергілікті атқарушы органдар конкурстың болатыны туралы ақпаратты газет басылымында жариялап, әкімшіліктің интернет-ресурсында жарияламады деген негізбен Маңғыстау ауданы бойынша 38, Мұнайлы ауданы бойынша 12 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қойылды.

Алайда соттың шешімдерімен барлық жер телімдері кәсіпкерлердің иелігінде қалды.

"Жаңаөзен қаласы бойынша 2016 жылы кәсіпкерлік мақсатта ҚР Жер кодексінің 48-бабының нормаларын сақтамай, яғни аукционсыз 42 жер учаскесі берілгені анықталған. Бұл жер учаскелерінің басым көпшілігі игеріліп, тұлғалар өз кәсіптерін ашып, салықтарын уақытылы төлеп, тұрғындарды жұмыспен қамтып отырғаны анықталды. Кәсіпкерлер палатасының араласу нәтижесінде бүгінгі таңда дау сотқа жетпей өз шешімін тапты. Осылайша, Кәсіпкерлер палатасының тікелей араласуымен Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы, Маңғыстау аудандарының жер даулары кәсіпкерлердің пайдасына шешілді", - дейді ӨКП маманы Бақытжан Кабаев.

Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы менТүпқараған ауданы бойынша 204 талап-арызды сотқа жолданған және бүгінгі күні олардың186-ы қанағаттандырылып, жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылданған, 13-і қанағаттандырусыз кәсіпкерлердің пайдасына шешілген, ал қалған бесеуі сот өндірісінде.

Серік Қаныбековтың айтуынша, жергілікті әкімдіктердің интернет ресурстарында жер туралы ақпарат ортақ хабарландыру бөлігінде жоқ. Оны тек "Инфраструктура" бөлігі, әрі қарай "Жер" туралы тармақшасы, ең соңында соның ішіндегі хабарландыруға орнатылады.

"Бұл ақпаратты қасақана жасыру сияқты боп көрінеді. Онымен айналысатын мамандардан басқа қарапайым халық таба алмайды. Ақпаратты тығу кімге қажет? БАҚ-қа хабарландыру бергенде де ешкім оқымайтын газеттерге емес, жергілікті басылымға, сосын "Егемен Қазақстан" мен "Казахстанская правда" газеттеріне шығару керек. Біздегі жер телімдерін алғысы келетін басқа облыс тұрғындары да бар. Инвестиция осылайша тартылады. Келесі жылдан бастап елімізде геокарта жасалады. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан тәжірибе алу керек. Жемқорлыққа жол бермеу жолы осы болғалы тұр",- деді ол.

Кеңеске қатысушылар облыс басшысының қатысуымен өтетін басқосуда интернет ресурстарда хабарландыруды орналастыру сатыларын жария көрсету және геокартаны пайдалану тәртібін талқылайтын болып келісті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: