Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев "Digital Centre" цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2019 23:11 Ақорда
Елорда тұрғындары бұл жерде цифрлық сауаттылық дағдыларын меңгереді.

"Digital Centre" орталығында Мемлекет басшысына тұрғындар мен ел қонақтарына қызмет көрсететін электронды үкімет жүйесі таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "eGov mobile" мобильді қосымшасы, Facebook, VKontakte әлеуметтік желілері мен Telegram мессенджері арқылы мемлекеттік қызмет алудың жаңа мүмкіндіктері мен артықшылықтары көрсетілді. Сонымен қатар 2020 жылға қарай мемлекеттік қызмет көрсетудің 90 пайызын цифрлық форматқа көшіру жоспары туралы да айтылды.

– Бастысы – сапа мен жедел қызмет көрсету. Біз жоғары технологияларды пайдаланатын алдыңғы қатарлы ел болуымыз керек деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Бүгінде "Digital Centre" орталығында 1220 адамның биометриялық дерегі тіркелген. Осының арқасында олар өздерінің жеке құжаттарын көрсетпей-ақ мемлекеттік қызмет ала алады. Орталық қашықтан видео-сервис арқылы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ елорда тұрғындары бұл жерде цифрлық сауаттылық дағдыларын меңгереді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2019 23:11

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: