Жаңалықтар тізбегі
0

Junior Eurovision 2019: Бүгін Ержан Максимге дауыс беретін күн

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 18:12 Хабар 24
Қазақстан халқы байқаудың аяқталуына бір тәулік қалғанда, яғни қарашаның 22-сінен 23-іне қараған түнгі сағат 01.00-ден бастап Ержан үшін дауыс бере алады.

"Junior Eurovision 2019" халықаралық байқауының финалдық кезеңі 24 қарашада өтеді. Ол "Хабар" телеарнасынан сағат 21.00-де тікелей эфирден көрсетіледі. Қазақстандықтар байқаудың аяқталуына бір тәулік қалғанда, яғни қарашаның 22-сінен 23-іне қараған түнгі сағат 01.00-ден бастап Ержан үшін Junior Eurovision сайтында дауыс бере алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол үшін тізімнен Ержанмен қатар тағы екі қатысушыны таңдап, "Дауысты қабылдау"/ "Дауыс беру" түймешесін басу қажет. Екі рет дауыс беруге болады.

Дауыс беру 24 қараша күні сағат 21.00-де шоу басталмай тұрып уақытша жабылады. Ал одан кейін қайтадан 15 минутқа ашылып, тағы бір мәрте дауыс беру мүмкіндігі болады.

Жеребеге сәйкес, қазақстандық өрен сахнаға 10-ыншы болып шығады.

Айта кетсек, халықаралық байқауда Ержан Максим Қазақстан ғана емес, бүкіл түркі әлемі атынан қатысып, "Арманыңнан қалма" әнін орындайды.10 қазанда ол Алматыда өткен баспасөз мәслихатында байқауға арналған бұл әнінің бейнебаянын таныстырған болатын.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: