Жаңалықтар тізбегі
0

Дана Нұржігіт көшбасшы әйелдердің жаһандық форумына қатысты

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 23:25 ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Шара аясында Дана Нұржігітова Альтинг (Исландия Парламентінің) төрағасы Стейнгримур Сигфуссонмен және басқа елдер парламенттерінің өкілдерімен кездесті.

Сенатор Дана Нұржігітова Рейкьявикте "Women Political Leaders" қоры, Исландия Үкіметі мен Парламенті ұйымдастырған көшбасшы әйелдердің жаһандық форумына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен саяси, бизнес, академиялық қауымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ UN Women ұйымынан барлығы 500-ге жуық өкілдер қатысты.

Форумның негізгі мақсаты ең үздік тәжірибелерді алмасу, күн тәртібіндегі гендерлік мәселелерді, оның ішінде саяси шешімдер қабылдаудағы, жанжалдарды болдырмау және реттеудегі әйелдердің рөлін ілгерілету және басқа да мәселелер болып табылады.

Шара аясында Дана Нұржігітова Альтинг (Исландия Парламентінің) төрағасы Стейнгримур Сигфуссонмен және басқа елдер парламенттерінің өкілдерімен кездесті.

Көшбасшы әйелдердің жаһандық форумы 2017 жылдан бері жыл сайын әлемдегі ең солтүстік астана - Рейкьявикада өтіп келеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: